2115

Елорданың тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерді ынтымақтастық орнатуға шақырады

«Astana» ӘКК» АҚ жанындағы тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру бойынша ынтымақтастық орнатуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры ӘМАТ бағасын ұстап тұру үшін «айналым тетігі» бойынша жеңілдікті қарыздар береді. Мұндай кредиттердің сыйақы мөлшерлемесі – 0,01%. Бұл елдегі несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің ең төменгі көрсеткіші. Қарыз өз кезегінде ұзарту мүмкіндігімен 12 айға беріледі. Қарыз сомасы кәсіпкерлік субъектінің өтініміне сәйкес айқындалады. Жеңілдікті қарызды ірі бизнес, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері ала алады.

Жеңілдетілген заем алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына мынадай құжаттар тапсыру қажет:

1) қарыз сомасы көрсетілген, сондай-ақ шығындар бойынша қажетті есептер көрсетілген өтінім, ұсынылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, қарызды қайтару мерзімдері;

2) кредиторлық және дебиторлық берешекті, негізгі құралдар тізбесін ашып көрсете отырып, өткен және/немесе ағымдағы қаржы жылы үшін қаржылық есеп (осы тармақты келісті);

3) кәсіпкерлік субъектісі Жарғысының нотариалды куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса беру қажет;

4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

5) бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

6) бірінші басшыны қоспағанда, өтінімге қол қою құқығына мүдделілікті білдіретін сенімхат;

7) қолда бар кредиттер және кредиттік тарихы туралы ақпарат;

8) салық берешегінің және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, жалақы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

Берілген өтінімдер негізінде шешімді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы комиссия шығарады.

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 11.

Телефоны: 8 7172 55 24 43.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109