2488

Елордада олимпиадашыларды қолдау үшін мұз үстінде би билеу іс-шарасы өтті

Орталық Астаналық саябақта Бейжің Олимпиадасына аттанған қазақстандық спортшыларды қолдау үшін мұз үстінде би билеу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Орталық Астаналық саябақта серуенге шыққан тұрғындар ерекше қойылымды тамашалады. Елорда тұрғындары мен қонақтары төрт жылдықтың басты бәсекесіне аттанған отандастарымызды қолдауға арналған флешмобтың куәсі болды. Ерекше өткен жиынға қатысушылар әсерлі биімен Қазақстан құрамасының жетістіктерін еске салды.

Іс-шараны ұйымдастырушы Нұржан Нұрғабыловтың айтуынша мұз айдыны сәнді шыршамен, орындықтармен безендірілген. Спорт адамға физикалық тұрғыдан ғана емес, қосымша рух беріп, патриотизм сезімін тәрбиелейді, сонымен қатар сергектік те сыйлайды.

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы көптеген қала тұрғыны қысқы спорт түрлерін ұнататынын, сондықтан олар Орталық саябақтың мұз айдынына Қазақстанның Олимпиада құрамасын қолдау үшін іс-шараға арнайы келгенін атап өтті.

«Біздің ауданда соңғы үш жылда тұрақты негізде Esil Winter фестивалі өткізіліп келеді, ол шаңғы, коньки тебу және скандинавиялық серуендеу сияқты қысқы спорт түрлерін қала тұрғындары арасында танымал етуге арналған. Жыл сайын спорттық іс-шараға елорда тұрғындары мен қонақтары көбірек қатысады. Біздің мақсатымыз – азаматтарды, әсіресе жастарды қысқы спорт түрлеріне баулу. Жаратушы бізге қыстың ләззатын сезіну бақытын берді. Сол үшін қолайлы жағдай жасалуы керек», – деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109