2905

Алтай Көлгінов Үркер елді мекенінде қандай жұмыс жүргізілетіні туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Үркер елді мекенінде қандай жұмыс жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала аудандары мен елді мекендерді аралап, тұрғындармен тұрақты кездесіп тұрамыз. Үркер (Ильинка) елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Елді мекенде шамамен 20 мың адам тұрады. Кездесу барысында тұрғындар кәріз жұмыстарын аяқтауды, мектеп, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салуды, көшені жарықтандыруды, интернет жүргізуді, жылы аялдамалар орнатуды, жаңа автобус маршруттарын іске қосуды және т.б. сұрады. Көтерілген проблемаларды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз.

Мысалы, Үркер елді мекенінің өзінде екі жылда 73 км кәріз желісі, 17 кәріз сорғы станциясы, 51 км жол және 17,5 мың шаршы метр тротуар салынды. Сондай-ақ, 6 кәріздік сорғы станциясына электрмен жабдықтау жүргізілді, бірқатар сорғыларды жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мұның бәрі қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік берді. Инженерлік желілер бойынша тиісті жұмыстарды биыл да жалғастырамыз.

Биыл білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері үшін жатақхана, өрт сөндіру депосы, 1800 орындық мектеп (екі ауысымды, Е639 және №201 көшелердің қиылысы) құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Биыл елді мекенде газ тарату желілерінің құрылысы басталады.

Сонымен қатар тұрғындар бос уақытын өткізе алатын орындарға көңіл бөлу де маңызды. Былтыр екі қабатты коттеджді аула клубына айналдырдық (С.Жырау көшесі,1). Онда балалардың да, ересектердің де бос уақытын қолайлы әрі тегін өткізуге барлық жағдай жасалған, бірқатар қоғамдық кеңістіктер салынды. Сондай-ақ Үркерде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салып жатырмыз, Доспамбет жырау және Айғыржал көшелерінің қиылысында тағы бір қоғамдық кеңістік салуды жоспарлап отырмыз. Қала тұрғындарынан аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру үшін жаңа орындар бойынша ұсыныстар қабылдаймыз.

Қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа автобус маршруттарын іске қосамыз, жарықтандыру, жол салу және т.б. жұмыстарды ары қарай жалғастырамыз.

Елордада 16 елді мекен бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендердің бәрін жүйелі дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Мысалы, жүйелі проблемаларға тоқталсам, алдағы жылдары тағы 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, 85 км нөсер кәрізін, 170 км астам электрмен жабдықтау желілерін, 23 км жылумен жабдықтау желілерін, 3 нөсер кәріздерін тазарту құрылыстарын салуды жоспарлап отырмыз.

Жоғарыда айтқанымдай, біздің мақсатымыз – қала сыртындағы елді мекендерді жайлы әрі өмір сүруге қолайлы инфрақұрылымы бар шағын ауданға айналдыру», – деп жазды елорда әкімі

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109