2300

«Біздің күшіміз бірлікте!»: елордалықтар Олимпиадаға аттанған спортшыларымызға қолдау білдірді

Елордалықтар Бейжіңге аттанған Қазақстанның Олимпиалттық құрамасына қолдау көрсетуде. Жас спортшылардан бастап, әлем таныған тұлғаларға дейін жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төрткіл дүние көз тіккен ақ Олимпиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Ел құрамасының саңлақтары қазір Олимпиада қалашығында жарыс алдындағы жаттығуын пысықтап жатыр. Ұлттық құрама мүшелері бұған дейінгі жолдама үшін болған сайыстарда үздіктер көшін бастады. Ел сенімін арқалаған отандастарымыз Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз.

«Ақ Олимпиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Лицензия ұтып алған спортшыларымыздың бәрін құттықтағым келеді. Олимпиадашыларға енді бастаған ісін соңына дейін жеткізіп, жеңіс тұғырынан көріну ғана қалды. Біз сіздерге сенім артамыз. Алдағы сында тек жеңіс тілейміз», – деді ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин.

XXIV қысқы Олимпиада қазақ спортының тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз.

Алты құрлық алдына айбынымыз асқақ, абройымыз биік болғай! Спортшыларға сәттілік тілейміз! Алға Қазақстан!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109