Жансақтау бөліміне түскеннен екпе алған жеңіл: денсаулық сақтау басқармасы елордалықтардың иммунитеті туралы айтты
Нұр-Сұлтанда бірінші компонентпен егілгендер саны 527 мыңнан астам адамды құрады, 495 мыңнан астам қала тұрғыны толық иммундаудан өтті. Елорда тұрғындарының ұжымдық иммунитеті қаншалықты дамығанын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтып берді.
«Қазір қаламызда екпенің алғашқы компонентін жарты миллион адам алды, 58 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті. Бұл ұжымдық иммунитет. Екпе алғандықтан адам кез-келген жағдайда вирусты оңай өткереді. Енді екі жыл бұрынғыдай оттегінің жетіспеушілігінен зардап шекпейді. Адам денсаулығына қатер төндіретіндей қауіп жоқ. Бұрын дәрігерсіз, ИВЛ аппараттарынсыз жағдайымыз мүшкіл еді. Қазір мұндай қажеттілік азайды. Бұл иммунитет қалыптасқанын білдіреді», - деді Тимур Мұратов.
Сондай-ақ, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы екпе алған және екпе алмаған адамдар неліктен бірдей ауыратынын түсіндірді.
«Осыған дейін қалыптасқан (вакцинацияланған) иммунитет Омикронды бірден таныған жоқ, бірақ оның да дайындығы бар. Иммунитет вирусты жеңіл түрде тасымалдауға мүмкіндік беретін антиденелер шығарады. Қазір стационарларда кімдер жатыр – олардың 60% екпе алмаған және ауырмаған. Вакцинацияланған адам жұқтыруы мүмкін, бірақ оның реанимация төсегінде жатуы екіталай. Біз ковидтен толығымен құтылмайынша, сол сияқты ауыр антибиотиктерді қабылдап, реанимациядан жатқаннан гөрі вакцинаның 1-2 инъекциясын алған дұрыс. Бәріңізді вакцинациядан және ревакцинациядан өтуге шақырамын. Бұл өзіңіздің әрі айналаңыздағы жұрттың денсаулығы үшін маңызды», - деп қорытындылады Т.Мұратов.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz