1872

Конькимен жүгіру: елордалық спортшылар әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан құрамасы жастар арасында әлем кубогының топтық кезеңі мен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Ұлттық құрама мүшелері 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жеңіп, жарыстың үздіктері қатарына кірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жүлдемен оралған саңлақтарды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

«Құрметпен қарсы алған жандарға алғысым шексіз. Құрамадағы қыз-жігіттер әлем кубогының топтық кезеңдері мен чемпионатта барын салып, жүлдеге ілігуге тырысты. Финалдық бәсеке қиын болды. Әлем үздіктерінің үштігіне кіріп, күміс жүлдеге ие болдым. Ендігі чемпионатта күмісімді алтынға айырбастағым келеді. Алдағы үлкен жоспарым – Олимпиада ойындарында жеңімпаз атану», - деді Алина Дауранова.

Еске салайық, доданың алғашқы күндері әлем кубогының топтық кезеңінде спортшыларымыз сынға түсті. Дарья Гаврилова, Алина Дауранова жасөспірімдер арасында командалық спринтта ІІ орын иеленді. Ал Ақжол Нұралы 3-орын алды. Алина Дауранова 1500 метрге жүгіруден 235 ұпай жинап, жалпы есепте топтық кезеңнің жеңімпазы атанды.

Ал 28 қаңтар күні спортшылар әлем чемпионатында бақ сынады. Байрақты бәсекеде жас спортшылар 1000 м қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық атлет Алина Дауранова тиісті қашықтықты 1:20.593 уақытта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесіп өтті. Бұл сында алтын медаль жапониялық Юкино Юшиға бұйырды. Ал Нидерланд спортшысы Джейд Гроневуд үштікті түйіндеді.

Командалық спринтта Дарья Гаврилова мен Алина Дауранова жұбы қола медальді қоржынға салды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109