Елордада КВИ жұқтырып, үйде ем алып жатқан науқастар саны азайды
Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақтала бастады. Науқастар саны қаңтардың басындағы 5 мыңнан қазір 800-ге дейін төмендеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Өткен апталармен салыстырғанда үйде ем алып жатқан науқастардың (КВИ) саны 40 мыңнан асты, бүгінде бұл сан екі есе азайды. Бірақ балалар мен жүкті әйелдер арасында инфекция айтарлықтай төмендеген жоқ. 2 200-ден астам бала мен 300 жүкті әйел амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр», - деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, індет ылғи да мереке күндері, мектеп және студенттік демалыс уақытында күрт өршиді. Себебі бұл уақытта халық карантин режимін сақтамайды.
Сондай-ақ, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы үйде емделіп жатқан науқастар санын азайту бойынша көрсеткіш инфекциялық ауруханаларға қатты әсер етпегенін атап өтті. Өкінішке қарай, реанимация төсектеріндегі науқастар саны азаймай тұр.
«Реанимациядағы төсек жүктемесі әлі де 60%-дан асады. Бізде 97 адам реанимацияда, ал ӨЖЖ аппаратында 22 адам жатыр. Реанимацияға түскендер – негізінен бұған дейін ауырмаған, сондай-ақ КВИ-ге қарсы вакцинацияланбаған науқастар. Көбісі вакцинаның тиімділігіне күмәнданады, дәлелсіз болжамдарға сенеді. Бірақ әлемде бірде-бір ауру 300 адамды бірден реанимацияға жіберген емес, себебі мұндай ауру жоқ. Ал COVID-19 өте қауіпті инфекция. Індет өршіген кезде бәрін жансақтау бөліміне жатқызуға мәжбүр боламыз. Ауруға жеңіл-желпі қарауға болмайды, ол қауіпті асқынулар тудырады», - деді басқарма басшысы Т.Мұратов.
Дәрігерлер кезекті рет азаматтарды екпе алуға шақырады, өйткені КВИ-дің алдын алудың өзге әдісі жоқ. Әзірге вакцинация арқылы ғана ауыр аурудан және оның салдарынан сақтануға болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz