2239

Елорданың аудандық әкімдіктерінде «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасына өтінімдер қабылдау жалғасуда

2022 жылғы 10 наурызға дейін елорданың төрт аудандық әкімдігінде «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Бюджет қаражаты аулаларды абаттандыруға, жарықтандыруға, көгалдандыруға бағытталады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Халықтың бюджетке қатысуы» – қоғамдық бастамаларды ілгерілету құралы және қалада болып жатқан өзгерістерді азаматтық бақылау тәсілі. Әкімдік үшін бұл аудандардың өзекті мәселелерін түсінуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында басымдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл аумақтарды тиімді басқару үшін азаматтар мен муниципалды органдардың диалогын қамтиды. Осылайша, тұрғындар өз бастамаларын жүзеге асыруға және өз ауданының аумағын абаттандыруға қатысуға мүмкіндік алады.

Өтінімді жіберу үшін «Халықтың бюджетке қатысуы» бөліміне өтіп, жалпы пайдалану кеңістігінің жабдықтарын күрделі жөндеу немесе ауыстыру талап етілетін аулаңыздың фотосуреттерін жүктеу қажет. Сондай-ақ өтінімде бюджеттік сметаны қоса көрсету қажет. 10 наурыздан кейін арнайы комиссияның отырысы жоспарланып, онда барлық өтінім қаралады.

Жобалық ұсыныстар мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:

- бір өтінім - бір объект;

- аудан тұрғындары үшін қолжетімділігі шектеулі жалпы пайдалану нысаны;

- нысан оны сату жоспарланған аудан аумағында және жалпы пайдаланудағы жер учаскесінде орналасуы тиіс;

- нысан орналасқан аудан тұрғындары үшін өзектілігі; мақсат пен нәтиженің келісімділігі;

- жобалық ұсынысты іске асыру аппараттың құзыреті шегінде болуы және ҚНжЕ (құрылыс нормалары мен ережелері) және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Жобаға қатысуға өтінімді аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында қалдыруға болады:

Есіл ауданы – https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-esil «Халықтың бюджетке қатысуы» бөлімінде сұрақты телефон арқылы да қоюға болады +7 701 628 46 86 Жасұлан Қырғызбаев;

Байқоңыр ауданы – https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-baikonyr «Халықтың бюджетке қатысуы» бөлімінде туындаған сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз +7 778 812 10 94 Сұлтан Соловьев;

Алматы ауданы – https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-almaty «Халықтың бюджетке қатысуы» бөлімінде, +7 701 553 26 27 Рауан Елембаев;

Сарыарқа ауданы – https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-saryarka, «Халықтың бюджетке қатысуы» бөлімінде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109