Есіл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ашылады
Биылғы жылдың 15 сәуірінен бастап Астана қаласының Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Есіл ауданының Халықты жұмыспен қамту
орталығында өзінің өкілдігін ашады. Бұл туралы astana.kz сайтына Басқарма
бастығының орынбасары Олжас Омар мәлім етті.
Оның айтуынша, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін ашу Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсету сапасын арттырып, жұмыспен қамту мен әлеуметтік көмек көрсетуді бұрынғыдан да жақсарта түседі.
Бөлім: Достық көшесі,13 «Нұрсая» ТК мекен-жайында орналасқан. Онда 8 маман жұмыс істейтін болады.
Есіл ауданының Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жаңа бөлімінде мынандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
- жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
- жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;
- жұмыспен қамтудың белсенді түрдегі іс-қимылдарына қатысуға жолдамалар беру;
- Семей ядролық сынақ алаңындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтарды тіркеп, есепке қою;
- мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек тағайындау;
-18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
- тұрғын үй көмегін тағайындау;
- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (отбасыларына) өтініш берушінің негізін растайтын анықтамалар беру.
- үйде оқып, тәрбиеленуші мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;
- жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындап, төлеу.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz