«Астана-таңдауы» байқауында жеңіске жетудің кепілі – жанқиярлық еңбек
«Астана-Таңдауы»-2012 байқауының «Құрылысшы»
аталымы бойынша жеңімпазы Майдан Құсайынов білім, ғылым және өндіріс жұмыстарын
бір арнаға тоғыстыра білгендіктен халық сүйіспеншілігіне бөлендім дейді. Құрылысшыларды
күн сайын кезіктіреміз, алайда олардың барлығын бірдей тани бермейміз. Сондықтан,
кәсіпқой мамандар бұл аталым бойынша бірауыздан Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Сәулет-құрылыс
факультеті, «Құрылыс» кафедрасының профессоры Майдан Кәмекұлы Құсайыновты «Үздік»
маман ретінде таңдап алды.
Майдан Кәмекұлы байқауда Құрылысшы аталымы бойынша жеңімпаз атанғаныңызды кімнен естідіңіз?
Мен байқау туралы марапаттау қарсаңында білдім. Мені әкімдікке шақырып, шыныдан жасалған кубок табыс етті. Басшылықтан хабарласып, әкімдікке баруым керектігін айтты. Ал байқау жайлы шыны керек, алдын-ала ештеңе естіген жоқпын.
Әкімдікке кенеттен неге шақырғанын әуелде түсінбедім.
Құрылысшы болу бала күнгі арманыңыз ба еді?
Бала күнімде әскери болғым келетін, ал ата-анам «Қарағанды политехникалық колледжіне» құрылысшы мамандығына түсуге мәжбүрледі. Мен бауырларым сияқты жақсы оқыдым. Қазір мен «бригада командирімін», әскери деп атауға да болады. Үнемі жауынгерлердің тарихын, майданда жазылған кітаптарды, экспедицияларды, із-түзсіз жоғалғандарды, әскери марапаттарды, минаны залалсыздандыру сияқты жұмыстарды зерттеймін – міне, менің өмірім осы.
Әріптестеріңіз сізді байқауға ұсынғанда қандай қырларыңызды есепке алды деп ойлайсыз?
Мен бүгінгі күні ЕҰУ университетінде сабақ беремін. Бұған қоса, құрылыс нысандарында жұмыс істеймін, құлаған ғимараттарды зерттеймін, жаңадан салынған ғимараттарды бақылаймын. Мен Астанада салынып жатқан ғимараттардың сапалы салынуына айтарлықтай ықпал еттім. Қазір ғылыми жетістіктерімнің арқасында көптеген проблемаларды шешу жолдарын қарастырамын. Өзара іс-қимыл шаралары туралы кітап жаздым, оны құрылысшылар өз жұмысында кеңінен пайдаланады. Қазір екінші кітабымды жазып жатырмын. Менің негізгі жұмысым – білім, ғылым және өндірісті ұштастыру. Мен өндіріс орнында жұмыс істеймін, ол жерден алған тәжірибемді студенттеріме үйретемін. Қалған бос уақытымды ғылымға және зерттеуге арнаймын. Бәлкім осы еңбегім мен ізденісімнің арқасында құрылысшылар арасында өнертапқыш ретінде таңдап алынған болармын.
Байқауда жеңіп шыққан соң жұмысыңызда өзгерістер болды ма?
Ештеңе өзгерген жоқ. Жұмысым бұрынғыша жүріп жатыр, әріптестерімнің көбісі бұл жайлы білмейді де. Барлығына бірдей жариялаған жоқпын, тіпті туыстарым да естіген жоқ.
Байқау жайлы ойыңыз қандай?
Менің ойымша, бұл байқау жыл сайын өткізілуі тиіс. Тек бір қосарым, жеңімпаздар туралы бүкіл қала еститіндей, кеңінен жариялануы тиіс. Және бір айтарым, байқауға «Үздік қоғам қайраткері» аталымын енгізсеңіздер екен деймін. Бүгінгі күні қаламызға қайтарымсыз еңбек сіңіруге дайын тұрғындар көп, оларды қолдау керек.
Халықтың сүйіспеншілігіне бөлену үшін не істеу керек?
Үнемі ізденіп, тынбай шын көңілмен қызмет ету керек. Бұл еңбегіңді халық бағалауы керек, халықты өзіңе баурай білу үлкен өнер. Үздік мұғалім, дәрігер және учаскелік инспектор өте әділ түрде таңдап алынды деп ойлаймын. Мен олармен тілдестім, өте тартымды кісілер. Ал жол жөндеушілерді, құрылысшыларды және энергетикті мамандар мен ұйым таңдайды, бұл аталымдар өте қажет.
Майдан Кәмекұлы Құсайынов 1943 жылы 14 сәуірде Қарағанды облысы Нұра ауданы Киев ауылында туылған. Мынадай сыйлықтар алған:
«Қазақстан Республикасының құрметті ұстазы» (2006 ж);
«Қазақстанның құрметті құрылысшысы» (2008 ж);
«Әулие Георгий ордені үздік белгісіне 200 жыл» (2008 ж);
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2011 ж);
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж);
«10 жыл Астана» медалі (2008 ж);
«ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл» медалі (2012 ж);
«Петербургтың құрметті азаматы» лауреатының медалі (2008 ж);
«Жеңіске 65 жыл» медалі (2010 ж);
«Жеңіс Одақтасы» медалі (2010 ж);
Жалпы қалалық «Астана-Тандауы» байқауы – бұл күнделікті өмірде кездесетін қарапайым жандардың жанқиярлығы мен қаһармандығы баяндалатын оқиғалар. Байқауға қатысушыларды тамыр-таныстары, әріптестері ұсына алады. Жеңімпаздар жиналған дауыс саны бойынша анықталады. Өтінімдерді қабылдау басталып кетті.
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтар!
Егер де танысыңыз жайлы баяндағыңыз келсе, мына мекен-жайға хабарласыңыз: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25-үй, 401-кабинет немесе электрондық пошта astana-tandauy-2013@gmail.com немесе astanaday@gmail.com. Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз 8 (7172) 910-842, 910-845 (факс).
«Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жол жөндеуші» және «Құрылысшы» салаларының ең үздік мамандарын іздейміз. Өтінімдер қабылдау наурызда басталып, 31 мамырға дейін жалғасады. Дауыс беру 1 маусымда басталады. Байқау қорытындыларын Астана күні қарсаңында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов хабарлайды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz