Астанада ең төменгі күнкөріс деңгейі 19563 теңгені құрады
Қалалық Статистика департаментінің хабарлауынша, ең төменгі күнкөріс деңгейі жан басына шаққанда орта есеппен негізгі азық-түлік тағамдарын тұтынудың ең төменгі мөлшерінен алынып, есептеледі.
«Өткен айда 2013 жылдың ақпан айымен салыстырғанда көрсеткіш 0,2%-ға төмендеді. Егер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, онда - 7,7%-ға өскен»,- деп атап көрсетеді ведомсво.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі құрамына ет пен балық алу шығындары -23,8%, сүт, майы аз өнімдер мен жұмыртқа - 15,6%, жеміс пен көкөніс - 11,1%, нан өнімдері мен жарма өнімдері - 7,5%, қант, шай, дәмдеуіштер - 2,0% кірген.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz