Елордалық шаңғышы қыз әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында
(CISM) шаңғымен бағдарлаудан Қазақстанның әйелдер командасы эстафеталық жарыста
қола жүлдеге ие болды.
Қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, қола жүлдегердің бірі Астана қаласының тұрғыны. Эльмира Молдашева Астана қаласындағы Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады. Ол спорттың бұл түрімен көптен айналысып келеді. Спорттық бағдарлаудан 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы атанған.
Францияда өткен әлем чемпионатының тұғырына көтерілу – қазақстандық шаңғышылар үшін әлемдік деңгейдегі додаларда көрсеткен жақсы нәтиже.
Бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Мысалы, жуырда ғана Риддер қаласында Әлем чемпионаты өтті. Шаңғымен бағдарлау 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Дүниежүзілік қысқы Спартакида бағдарламасына спорт түрі ретінде енгізілді.
CISM әлемдік қысқы ойындары – бұл Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) ұйымдастырған мульти-спорттық іс-шараға жатады және төрт жыл сайын өткізіліп тұрады. Ойындар осымен екінші рет өткізілді. Алғашқысы Валле-д'Аоста қаласында (Италия) өткізілген болатын.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz