2536

Дэвис Кубогы қарсаңында танымал қазақстандық теннисшілер балалар үшін шеберлік-дәрісін өткізді

Астанада 2013 жылдың 5-7 сәуірінде Дэвис Кубогы-2013: Қазақстан-Чехия Әлемдік тобының ширек финалы өтеді. Кубоктың ресми іс-шарасы дәстүрлі біздің еліміздің танымал теннисшілерінің балалар үшін шеберлік-дәрісін өткізуімен басталады.

Астанада 2013 жылдың 5-7 сәуірінде Дэвис Кубогы-2013: Қазақстан-Чехия Әлемдік тобының ширек финалы өтеді. Кубоктың ресми іс-шарасы дәстүрлі біздің еліміздің танымал теннисшілерінің балалар үшін шеберлік-дәрісін өткізуімен басталады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті.  

«Қазақстан құрама командасының бірінші нөмірлі ойыншысы Михаил Кукушкин мен Евгений Королев кортта өздерінің ойын құпияларын жас теннисшілермен бөлісуге ықыластана келісті. Олар балаларға ракетканы қалай ұстап,  допты қалай соғу керектігін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ жасөспірім теннисшілер чемпиондармен шағын теннис ойынын өткізді.  Осы шеберлік-дәрістерінен кейін М.Кукушкин мен Е.Королев балаларға қолтаңба беріп, ескерткіш суретке түсті», - делінген хабарламада.

Еске салайық, осы жұма күні біздің спортшылар әлемнің ең мықты командаларының бірі – Чехия құрамасымен кездеседі. Ол Дэвис Кубогының қазіргі жеңімпазы болып табылады. Қазақстан – Чехия турнирінің  1/4 финалы Астанада сәуірдің 5-і мен 7-сі аралығында «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында өтеді. Қазақстан құрамасында Михаил Кукушкин мен Евгений Королевтан басқа Юрий Щукин  мен Андрей Голубев ойнайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109