Елордалықтар жұмысқа орналасу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды
Бүгін
Астанада Интернеті жоқ тұрғындар үшін өте пайдалы болатын «Астаналық еңбек биржасы» жаңа газеті жарық көрді.
Таңертең қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері жаңа басылымды 10.00-ден 12.00-ге дейін Автовокзал, «Шапағат» және Артем» базарларында халыққа тегін таратты.
Басқарма мамандарының айтуынша, жаңа басылымды шығарудағы мақсат – жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, тұрмысы төмен және басқа да жандардың құқықтық білімдерін көтеріп, оларға осы бағытта ақыл-кеңестер беру көрінеді. Газет сондай-ақ, үйінде интернеті жоқ адамдарға өте пайдалы болмақ. Өйткені онда үнемі халыққа керекті өзекті мәселелер мен қоса, мамандарды дайындау, қайта дайындау, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері нақты жазылатын болады.
Газет қалалықтарға тек Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай,басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын білуге жол ашады. Сол арқылы
өзінің азаматтық құқығын жүзеге асырып, жаңа жұмыс табуға жаңа мамандыққа ие
болуға көмектеседі.
Құрылтайшылардың пікірінші, үнпарақ мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің қоғамдық ұйымдар мен қарапайым азаматтардың іс-әрекетін үйлестретін нағыз «сұхбат алаңына» айналуы тиісті.
Басылым екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көреді. Айына бір рет 8 бет болып шығып, тегін таратылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz