2427

«Армысың, әз Наурыз!» байқауы қорытындыланды

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ағымдағы жылы 14-22 наурыз аралығында өткен дәстүрлі «Армысың, әз Наурыз!» атты қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ағымдағы жылы 14-22 наурыз аралығында өткен дәстүрлі «Армысың, әз Наурыз!» атты қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Қорытынды кеш Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық  қазақ музыкалық драма театрында өтті.

«Наурыз – түркі әлемі ежелден тойлап келе жатқан, тарихы тереңде жатқан мерекелердің бірі. Бұл айтулы мейрам әлемнің 90-нан астам елінде атап өтіледі. Ал Қазақстанда өткен ғасырдың 89-жылдарынан бастап кеңінен тойлана бастады. Дәстүріміздің насихатшысы, ұлттық мұраттарымыздың жаршысы – Наурыз мейрамын тойлауға қатысатын мекемелердің саны жыл өткен сайын артып келеді. Осыдан екі жыл бұрын 97, өткен жылы 108 мекеме қатысса, биылғы жылы еріктілер саны 130-ға дейін артты», - дейді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов.

Байқаудың басты мақсаты қанымызға сіңген, бабалардан мұра болып жеткен Ұлы мерекеміз Наурызды қаламыздағы барлық мекемелердің тойлауына жағдай жасап, қала деңгейінде атап өту. Байқауға қатысушыларды бағалау үшін қазылар алқасының мүшелігіне  қоғамдық ұйымдардың, Тілдерді дамыту басқармасының, жазушылар, журналистер қауымының өкілдері енгізілді.

Қазылар алқасының мүшесі, Тілдерді дамыту басқармасының өкілі Иманәлі Жанатбекұлының айтуынша, байқау барысында мерекелік безендірулерге, іс-шаралардың сапалы өтуіне, ұлттық киімдердің әспеттелуіне, ұлттық тағамдардың ұсынылуына және ұлттық ойындардың шынайлығына көңіл бөлінді.

Байқауға қатысқан мемлекеттік мекемелер арасында І орынды Қаржы басқармасы, халыққа қызмет көрсету мекемелерінен «Шапағат» коммуналдық базары, аумақтық мекемелерден Қаржы полициясы, құрылымдық мекемелерден «Қазақстан орталық концерт залы» МКҚК, денсаулық сақтау мекемелерінен Мамандандырылған балалар үйі және білім беретін мекемелер арасында Астана қаласының гуманитарлық колледжі бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және хас шеберлер дайындаған домбыра, қобыз сынды музыкалық аспаптармен марапатталды.

Байқауға қатысушылар арасында Қаржы университеті мен Басқару колледжі мерекеге ерекше дайындықтарымен көзге түсті. Еліміз үшін маңызды бұл байқауды алдағы жылдары да тұрақты түрде өткізуді қолға аламыз, - дейді ұйымдастырушылар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109