«АЛЖИР» мұражай қоры материалдары негізінде каталог жасалды
Астананың 15 жылдығы мерейтойына орай ғылыми
экспедиция жинаған материалдар негізінде
«АЛЖИР»
мұражайының ұжымы тұңғыш «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогын шағарды.
Каталог Қазақстан халқының зұлмат тарихын көрсететін 6 тараудан тұрады. «Алаш және қазақ зиялылары», «АЛЖИР» лагерінің тарихы»,«Гулаг» балалары, «Қазақстанға халықтарды зорлап көшіру», «30-шы жылдар аштығы», «Азап пен тозақ» тарауларына ғалымдар мен жазушылардың ғылыми-зерттеу мақалалары, сондай-ақ, куәгерлер мен олардың ұрпақтарының естеліктері енген.
Астана қаласының Мәдениет басқармасы атап көрсеткеніндей, бүгінгі күні «АЛЖИР» мұражайының негізгі және ғылми-көмекші қорында мұражайлық мәні бар 10 мыңнан астам материал жиналған. Олардың 4 мыңға тартасы негізгі қорда сақталған. Мұндағы, әсіресе, ұлт-азаттық көтерілістерге, қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтары мен Абайдың балаларына, 50-ші жылдардағы көрнекті жазушылар мен ғалымдарға және танымал адамдардың «АЛЖИР» азап лагеріндегі әйелдерінің тағдырына арналған материалдар айырықша маңызға ие.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz